TTG туралы

TTG туралы

TengizTransGroup міндеті – тапсырыс берушілерге темір жолмен жүк тасымалдау аясындағы міндеттерді шешу үшін сенімді әрі жылдам қызметтер ұсыну. Біз қоршаған ортаға деген шынайылықты сақтай отырып, жұмыс орындарындағы дұрыс әрі қауіпсіз жағдайды қамтамасыз етуге, өзіміз жұмыс істейтін қалалар мен аудандардың өміріне белсенді қатыса отырып, акционерлеріміз бен инвесторларымыздың игілігі үшін бизнесімізді дамытуға ұмтыламыз.

Қазақстанның мұнай-газ секторының көлік қажеттіліктерін қамтамасыз ету бизнесіміздің негізін құрайды.Бұл үшін TTG заманауи және тамаша күйдегі жүк вагондарының паркі, жөндейтін және қызмет көрсететін меншікті қуаттары, сондай-ақ операциялық тәжірибесі мен нарық білімі бар.Осының барлығы Топқа тапсырыс берушілерге интеграцияланған және сенімді көлік шешімдерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Біз бизнестің таза болу қағидаларын ұстанамыз, барынша тиімді жұмыс істеуге, бизнесімізді жоғары кәсіби деңгейде жүргізуге ұмтыламыз.