TTG туралы

Менеджмент

TengizTransGroup жоғарғы менеджменті күнделікті оперативтік басқаруына және Топтың дамуына жауапкершілік көтереді және Байқаушы кеңесіне есеп береді.

Компанияның жоғары менеджменті:
 

Ольга Герасимова
Бас директор

Ольга Герасимова Бас директор  лауазымына 2015 жылдың желтоқсан айында тағайындалды.

Ольга Герасимова 2014 жылдың наурыз айынан бері «Тенгизтрансгаз» ЖШС Коммерциялық директоры қызметін атқарып келеді. 

Ол Бас директор қызметін 2007 жылдан 2013 жылға дейін «Золотые поля» компаниясында, 2003 жылдан 2007 жылға дейін «Агроинвест Трейдинг» ЖШС-нде  атқарды. Одан бұрын 2007 жылңа дейін «Golden Grain» компаниясында сауда директоры болды. Ол жоғары лауазымды қызметтерде 12 жылдан астам тәжірибесі бар. 

Ольга Герасимова «Сауда ұйымдастыру  және басқару» мамандығы бойынша Новосибирь мемлекеттік сауда институтының диплом иегері.
 

Алибек Кудайбергенов
Қаржы директоры

Алибек Кудайбергенов 2016 жылдың қараша айынан бастап «Теңізтрансгаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржы директоры қызметін атқаруда.

ЖШС Тенгизтрансгаз келгенге дейін Алибек Кудайбергенов мырза бірқатар техникалық басқарушы және директор қызметтерін атқарды, соның ішінде «Ұлттық басқарушы холдингі «КазАгро» АҚ (2013-2016), ЖШС «ТЭК-Казахстан» (2011-2013), ЖШС «Камкор Менеджментты» (2009-2010), АҚ «ҰК «КазМунайГаз» (2006-2009). Ол қаржыны басқару 15-жылдық тәжірибесі бар.

Алибек Кудайбергенов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген мамандығы «Мемлекеттік және муниципалдық басқару».


Максим Мартыновский
Құқықтық қамтамасыз ету директоры

Максим Мартыновский  2010 жылдың қаңтар айынан бастап «Тенгизтрансгаз» ЖШС-нің Құқықтық қамтамасыз ету директоры болып келеді. Оның 17 жылдан астам практикалық тәжірибесі бар, соның ішінде 13 жылдан астам тәжірибесі көлік және логистика аясында.

Тенгизтрансгаз ЖШС-не дейін Максим Мартыновский Қазақстан Республикасының ең ірі теміржол операторларының құқық департаменттерін басқарған болатын. Ол металлургия, жер қойнауын пайдалану, теңіз көлік салаларындағы жобаларды іске асыру мәселелеріне қатысқан. 

Максим Мартыновский 2000 жылы Қазақ мемлекеттик заң академиясының кәсіпкерлік құқық факультетин озат бітірді. 

 

Иван Карякин
Дамыту директоры

Иван Карякин 2010 жылдың қараша айынан бастап Дамыту директоры қызметін атқарып келеді. Оның басқару, техникалық бақылау аясында, соның ішінде темір жол көлігі саласында 14 жылдан астам тәжірибесі бар. 

"Тенгизтрансгаз" ЖШС-не келгенге дейін Карякин мырза бірқатар техникалық басқарушы және директор қызметтерін атқарды, соның ішінде «Dala Group» АҚ (2007-2010), Delfa Consulting Limited (2004-2007), «ALCON» АҚ (2003-2004), KTZ (2001-2003), «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ (1998-2001) сияқты компанияларда қызмет атқарды.

Иван Карякин 1994 жылы Бауман атындағы Мәскеу мемлеткеттік техникалық универтитетті бітірді. Және Мәскеу мемлекеттік теміржол қатынасы Университетінің курстарын бітірді. Ол Ресей федералды теміржол көлігіндегі сертификаттау жүйесінің өндіріс және сапа жүйесін сертификаттау бойынша сарапшы-тексеруші кандидаты.
   
 
Виктор Храмцов
Батыс аймағының өкілі

Виктор Храмцов 2008 жылдан қазіргі уақытқа дейін TengizTransGroup-қа кіретін компаниялардың бірі - «Ак-Жайык-7» ЖШС Атқарушы директор қызметін атқарады. 2010 жылдың шілде айында «Тенгизтрансгаз» ЖШС Батыс аймағының өкілі қызметіне шақырылды.

Виктор Храмцов өзінің еңбек қызметін 1977 жылы Алматы қаласында локомотив депосында машинист көмекшісі болып бастады, 1982 жылы тепловоз машинисі қызметіне, электровоз 2-ші класты, содан кейін машинист - инструктор қызметіне ауыстырылды. 1996 жылы Алматы-1 Депосына жолаушы локомотивтарды жөндеу бойынша аға шеберші болып шақырылды. 1998 жылы Алматы-1 Депосында пайдалану бойынша Директорының орынбасары қызметін, сосын Бас инженер қызметін атқарды. 2000 жылы Оңтүстік аймығының ТО Жетекші инженеры болып тағайындалды. 2001жылы Семипалатинск қаласының айналым депосының бастығы. 2003 жылдан 2005 жылғы дейін Техникалық директоры болды, ал сосын ауыр машина жасау Алматылық зауытының Бас директорының 1-ші орынбасары. 2005 жылы ТРМЗ -2 Күшмұрын Директоры болды. 

Виктор Храмцов 1977 жылы Темір жол училищесін аяқтады, Алматылық жол-техникалық мектебін оқып шықты. 2001 жылы «Локомотив. Локомотив шаруашылығы» мамандығы бойынша Тынышбеков атындағы Көлік және коммуникация Қазақ Академиясын аяқтады. Храмцов В.С. темір жол көлігі саласында еңбегі үшін бірнеше рет марапаталды.