TTG туралы

Құрылым

Нидерландыда тіркелген «TTG Group Holding BV» Топтың холдингтік компаниясы болып табылады.Ол өзінің «Тенгизтрансгаз» қазақстандық еншілес компаниясына ие, ал ол өз кезегінде бірқатар еншілес кәсіпорындарды қамтиды. Топтың қызметі, негізінен, батыс Қазақстанда атқарылады, негізгі кеңсесі Алматыда орналасқан; сонымен қатар Топтың Астанада өкілдігі бар.
 

 

2016 жылдың 31 желтоқсанда Топта 741 қызметкер деп есептелді. Оның сервистік және жөндеу кәсіпорындары, кіре беріс жолдар паркі, негізінен, елдің мұнай және газ қорлары орналасқан Қазақстанның батыс бөлігінде орналасқан.

«РИП-Газ» ЖШС кәсіпорны Құлсары кентінде, ТШО тиесілі Теңіз газ өңдеуші зауыттан 100 км жерде орналасқан.  Жылжымалы құрам сақтауға арналған кіреберіс жолдар Теңіз кенорнынан 220 км жерде, Доссор станциясында орналасқан. Ал «Ақ жайық-7» депосы Атырау қаласында, ТШО қазу жүргізетін Теңіз мұнай кенорнынан 327 км жерде орналасқан.