TTG туралы

Тарихы

 

Топ тарихындағы негізгі оқиғалар:

Топ "The Sulphur Institue" (TSI) халықаралық ұйымының мүшесі болды. 
TSI 1960 жылы қалыптасқан бейкоммерциялық халықаралық ұйым болып табылады. Ол күкірт өндіру, пайдалану, сату, тасымалдау және өнімнің пайдасын көтеру саласындағы компаниялардың мүддесіне өкілдік етеді.
TSI мүшелері 60-тан астам мұнай-газ секторының компаниялары.
508 жартылай вагондардың сатып алу есебінде TengizTransGroup вагон паркінің ұлғаюы.
2015 жылдың қантар айынан бастап Атыраудағы «Ақ-Жайық- 7» депосы 15-1547-03 (2005 жылғы) моделіндегі вагондарды 15-9543-01 моделіне модернизациялай бастады.
Компания экспедиторлық қызмет көрсетуді және вагондарды техникалық тасымалдау жұмыстарын ұсынуын бастады.

2014 жылдың желтоқсан айынан бастап Атыраудағы «Ақ-Жайық- 7» депосы вагондарды жоспарлы және ағымдағы жөндеу түрлерімен қоса 15-1547-03 (2005 жылғы) моделіндегі вагондарды 15-9543 модельіне модернизациялай бастады. «Ақ- Жайық-7» ЖШС бүкіл ұжымның кәсіби мүмкіндігі нәтижесінде вагондарды модернизациялау үрдісі ТМД елдерінің темір жол кеңесінің 58-ші жиналысында TSSZHT 09.09.14ж туралы хаттамалық шешімімен бекітілді. Біздің клиенттер үшін 15-1547-03 моделіндегі вагондарды модернизациялау олардың коммерциялық қолжетімділігін арттыруға және тауарлардың кең ассортиментін тасымалдауға (шикі мұнай қоса алғанда) үлкен мүмкіндік береді.
Компания ҚТОА «Үздік» белгісімен марапатталды.
Топ, қысқаша «АКСУ» деп аталатын, бизнес-процесстерді басқаратын корпоративтік автоматтандырылған жүйені тәжірибелі қолдануға кірісті.

2012 жылы «Тенгизтрансгаз» ЖШС-і жүктік вагондар мен қосымша бөлшектерді сату бойынша Қазақстан Республикасының территориясында «Стахановский вагоностроительный завод» БАҚ-ының ресми өкілі болып атанды.

2012 жылдың сәуір айынан бастап Топ «Тенгизшевройл» ЖШС-інің жүктерін көліктік экспедициялауына кірісті.

Біздің 2012 жылғы кейбір жетістіктеріміз жоғары бағаланғанын және марапатқа ие болғанын айтып кетукажет:

Қазақстан тасымалдаушылары мен вагондар (контейнерлер)операторларының Қауымдастығы «Тенгизтрансгаз» ЖШС-не «ОПЕРАТОРЛЫҚ БИЗНЕСТІҢ ЛИДЕРІ» атағын беріп, ішкі және халықаралық көлік нарығында 10 жылдан асатын сенімді және тұрақты жұмысы үшін диплом тапсырды.

Қазақстанның Ұлттық Экспедиторлық Компаниялардың Қауымдастығы «Тенгизская Транспортная Компания» ЖШС-не «Экспедиторлық бизнестің лидері» дипломын берді.

Қазақстанның Ұлттық Экспедиторлық Компаниялардың Қауымдастығы «Тенгизская Транспортная Компания» ЖШС-н «2012 жылдың табысты компаниясы» деп таңып, лайықты медаль мен куәлік тапсырды.
 TengizTransGroup Холдингінің құрамына кіретін «Тенгизтрансгаз» ЖШС компаниясы паркті жоспарлы кеңейту шеңберінде, «Днепровагонмаш» Жария Акционерлік Қоғамы өндірген 12-4106 үлгісіндегі 300 жартылай вагонды меншікке сатып алды. Вагондар ұзақ мерзімге жалға берілді.

«Ақ-Жайық» депосы өз қызметіндегі қуаттарды кеңейту, технологиялық жабдықтарды жаңарту, жөндеу жұмыстарын жүргізудің сапасын жақсарту, мамандардың кәсіби машықтануларының деңгейін көтеру, ұжымның үйлесімді жұмысын ұйымдастыру және кәсіпорынды айқын басқару сияқты бағыттарын басымдыққа айналдыра отырып, 2011 жылдың шілде айында жөндеудің жүргізілген жоспарлы түрлерінің 630 шамасындағы рекордтық мөлшеріне қол жеткізді. Бұл – Депоның бүкіл қызмет ету кезеңіндегі ең жоғары көрсеткіш.

TengizTransGroup, жылжымалы теміржол құрамын операциялық лизингке беру қызметін ұсынатын қазақстандық провайдер, Топтың құрамына кіретін Ақ-Жайық-7 вагон жөндеу кәсіпорнының 15-1482 үлгісндегі сұйықкүкірт цистерналарының қызмет ету мерзімін ұзарта отырып, күрделі жөндеу жүргізуге арналған лицензияны алғандығын хабарлайды. Лицензия 20-22 сәуір 2011 жылы ТМД теміржол әкімшіліктерінің өкілетті өкілдерінің 51-ші сессиясында бекітілген. 2010 жылдың желтоқсан айында Ақ-Жайық-7 депосы 15-1443 үлгісндегі мұнай-бензин цистерналарының қызмет ету мерзімін ұзарта отырып, күрделі жөндеу жүргізуге арналған дәл осындай лицензияны алды.

TengizTransGroup, жылжымалы теміржол құрамын операциялық лизингке беру қызметін ұсынатын қазақстандық провайдер, өзінің РИП-Газ еншілес кәсіпорнында тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін басқару жөніндегі халықаралық жүйесін енгізді.
Тіршілік әрекетінің қауіпсіздік басқару жөніндегі енгізілген жүйесі ISO 9001:2008, ОHSAS 18001:2007 халықаралық стандарттарына сәйкес келеді.

«Рип-газ» ЖШС – Еңбекті Қорғау, Қауіпсіздік Техникасы және Қоршаған Ортаны Қорғау (CHESM) саласындағы басқару үдерісі жөніндегі бағдарламаның қатысушысы болды, ал бұл – ТШО қоса есептегенде, «Шеврон» корпорациясының барлық бизнес бөлімшелері үшін стандартты үдеріс болып табылады, және де өндірісті оңтайландырудың негізгі үдерістерінің бірі болып табылады.
Экспедициялық бизнесті іске қосу, ертеректе жалға алынған вагондарды ауыстыру үшін қосымша 700 жартылай вагон және 250 жабық вагон сатып алу, ТШО-ға жалға беретін вагондар санын тағы 200 жартылай вагонға және 250 жабық вагонға ұлғайту.
500 қосымша жартылай вагонды жалға беру және 150 мұнай құю цистернасын сатып алу есебінен паркті ұлғайту.
Қазан айында TTG «Доссор-сервис» депосының кіре беріс жолдарында операциялар жүргізуге кірісті және қосымша 425 мұнай құю цистернасын сатып алды, соның барлығы ТШО-ға жалға берілді.
970 мұнай құю цистернасы сатып алынып, ТШО-ға жалға берілді.
TTG жекешелендірілгеннен кейін «Ақ Жайық-7» вагон жөндеу депосын сатып алды, тағы да 200 мұнай құю цистернасын сатып алды.
«Транспортный Холдинг» еншілес компаниясы құрылды. 455 т/ж цистернасы сатып алынды.
«Tengiz Transport Company» Топтың лизингтік операцияларын жүргізу үшін еншілес компанияны құрды.Сұйылтылған газдарды тасымалдау үшін жоғары қысымды 300 вагон-цистерна сатып алынды.
TTG «Алаутрангаз» компаниясынан 798 вагон паркын сатып алды.
TTG құрылуы. Топ «Алаутрансгаз» компаниясынан «РИП-Газ» мамандандырылған кәсіпорнын сатып алды.