Операциялық әрекет

Жылжымалы құрам

Темір жол көлігімен жүк тасымалдау 2001 жылы т/ж вагондарының бірінші партиясын сатып алған кезден бастап Топтың негізгі қызмет саласы болып табылады. Топтың меншігінде төрт түрлі вагон – мұнай құю цистерналары, сұйылтылған газдарды тасымалдауға арналған цистерналар, жабық вагондар, жартылай вагондар бар, оларды жалға береді.

Топ темір жол вагондарының келесідей түрлеріне ие:

Мұнай құю цистерналары. Топтың меншігінде 2497 мұнай құю вагон-цистернасы бар. 66 тонна сиятын бұл вагондар мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау үшін қолданылады. Парк төрт осьті вагондардан құралған. Осы вагондардың пайдаланылу мерзімін 32 жыл құрайды. Топтың мұнай құю цистерналарының орташа жасы 7,27 жыл құрайды. Топтың мұнай құю цистерналарын Ресей мен Украинадағы «Алтайвагон», «Азовобщемаш», «Крюковский вагоностроительный завод», «Уралвагонзавод» және «Рузхиммаш» сияқты кәсіпорындары әзірлеген.

Жартылай вагондар. Топтың меншігінде 2007 жартылай вагон бар. Олар негізінен сусымалы жүктерді, соның ішінде кесекті күкіртті тасымалдау үшін арналған. Барлық жартылай вагондар төрт осьті. Жартылай вагондардың жүк көтергіштігі – 70 тонна, пайдаланылу мерзімі – 22 жыл. Топтың меншігіндегі жартылай вагондардың орташа жасы – 0,64 жыл. Олар Украинаның «Крюковский вагоностроительный завод», «Стахановский вагоностроительный завод», «Днепровагонмаш» кәсіпорындарында әзірленген.

Сұйылтылған газдарды тасымалдауға арналған цистерналар. Топтың меншігінде сыйымдылығы 40 тоннадан 46 тоннаға дейін болатын, сұйылтылған газды тасымалдау үшін арналған 1089 цистерна бар. Парк төрт осьті вагоннан құралған. Пайдалану мерзімі – 40 жыл. Топтың газ цистерналарының орташа жасы –17,66 жыл. Вагондарды Ресейдегі, Украина мен Польшадағы «Рузхиммаш», «Азовобщемаш», «Swidnica» кәсіпорындары әзірлеген.

Жабық вагондар. Топ 599 жабық вагонның иегері болып табылады, олар жалпы мәні бар жүктерді, соның ішінде мұнай өңдейтін қосалқы өнім болып табылатын мөшектерге бөліп салынған күкіртті тасымалдау үшін арналған. Топ паркі жүк көтергіштігі 68 тонна болатын, төрт осьті орындаудағы вагондарды қамтиды.
Вагондар пайдаланылған мерзімді 30 жыл құрайды, Топтың жабық вагондарының орташа жасы – 4,31 жыл. Топтың жабық вагондары Ресейдің «Алтайвагон» кәсіпорнында әзірленген.

Топтың вагон паркі 2001 жылы бірінші вагондарды сатып алған кезден бастап біртіндеп артып, 2011 жылдың қазан айында 4894 бірлікті құрады. 2011 жылы парк жартылай вагондармен толықтырылды, бұл – Топтың жаңа сатып алғаны. 2017 жалға Топтың жылжымалы құрамы 6192 вагон құрады, оның ішінде 5743 Топтың меншігі. Сонымен қатар, Компания меншігінде 5 маневр локомотивтері бар.