Операциялық әрекет

Пайдалану және қызмет көрсету

Топ қызмет көрсету және жылжымалы құрамды жөндеу бойынша қызметтер ұсынып, клиенттеріне интеграцияланған сервис ұсынады. TTG Қазақстанның батысындағы екі негізгі базада – «Ақ Жайық-7» депосы мен «РИП-газ» кәсіпорнында төрт түрлі жөндеу және техникалық қызметпен қамтамасыз етеді.
 

Ак-Жайык-7


 

«Ақ Жайық-7» депосы Атырауда, ТШО қазатын Теңіз мұнай кенорнынан алыс емес жерде орналасқан. Депо негізгі қызмет түрлері:

«Ақ Жайық-7» депосы жүк т/ж вагондарының барлық түрлеріне қызмет көрсетеді. Қуаты айына 600 вагонға дейін күрделі және деполық жөндеуге есептелген.

 

РИП-газ


 

«РИП-газ» кәсіпорны Құлсары кентінде Теңіз газ өңдеуші зауыттан және ТШО газ толтыру станциясынан 100 км жерде орналасқан. Депоның негізгі қызмет түрлері:

Аталған қызметтер сұйылтылған газға арналған жоғары қысымды цистерналар бойынша ғана ұсынылады. «РИП-газ» - қазіргі уақыттағы газ цистерналары бойынша мамандандырылған қызметтер ұсынатын Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын. Қуаты – айына 3600 операцияға дейін. Сонымен қатар, Компанияда 1800 т/ж вагондарын бірге тұрақтандыру үшін 23,5 км кіреберіс темір жолдары бар. 

Доссор-Сервис

Доссор-Сервис - жылжымалы құрамды дайындау, қызмет көрсету және сақтау жұмыстарын жүргізетін кәсіпорын. Арнайы қорғаныс полиэтилен қорапшасын қолдана отырып күкірт тасымалдау саласында мамандандырылған. Сонымен қатар Батыс Қазақстандағы Қашаған кен орнының ішкі логистикасын жүргізу қызметтерін атқарады.

Жөндеу және алдын алу жұмыс түрлері

Топ кәсіпорындары жөндеу және қызмет көрсету бойынша төрт түрлі жұмыс атқарады: