Операциялық әрекет

Күкірт тасымалдау

 
TengizTransGroup күкірт тасымалдау нарығындағы қызметін 2010 жылдан жылжымалы құрамды операциялық лизингке беруден бастап, біртіндеп қызмет көрсету спектрін кеңейтті.  

Солай, Топ жартылай вагондарды жүк тиеуге дайындау, антикоррозиялық өңдеу және вагондарды модернизациялау, күкір тасымалдауға арналған цистерналарға техникалық қызмет көрсету және де қазіргі уақытта күкір тасымалдауға арналған жылжымалы құрам операторы қызметтерін көрсете бастады. 

2010 жылдан бастап Топ 3,0 млн.тонна күкіртті тасымалдады. 

TengizTransGroup қарауында формалы берік күкіртті антикоррозиялық өңдеуден өткен жартылай вагондарда тентпен жабу және де ламиналдалған полимерлік материалдан жасалған вагон ішпегін қолдану тәсілімен тасымалдау үшін нормативті техникалық құжаттар бар. 

TengizTransGroup-тың басты міндеттерінің бірі күкірттің барлық тауар түрлерінің қоршаған орта мен адам денсаулығына минималды әсер етумен қатар тапсырысшының технология, экономика және қауіпсіз тасымалдау талаптарына максималды сәйкес келу арқылы қауіпсіз тасымалдалуын қамтамасыз ету.