Корпоративті жауапкершілік

Әлеуметтік жауапкершілік

TengizTransGroup негізгі қызмет аймақтарындағы, әсіресе, Қазақстанның Атырау облысындағы ірі жұмыс беруші болып табылады. Топ қызметкерлер мен халық тарапынан сенім мен мойындауға ие болу маңызды міндеттердің бірі болып табылатындығына нық сенімді.
Топ жұмыс істейтін аудандардағы тұрғындардың жақсы өмір тұрмысы, сондай-ақ жергілікті қоғамдастықтардың ұзақ мерзімді дамуға деген мүддесі TTG табысты жұмыс істейтін жақсы әрі тұрақты іскерлік орта құрудың кілті болып табылады.

Сондықтан негіз құраушы мақсат - акционерлер үшін Топтың құндылығын арттырумен қатар қызметкерлеріміздің, халықтың, қоршаған ортаның қамын жеп, қоғамның дамуына көмектесуді маңызды міндетіміз деп санаймыз.

Қызметкерлердің қамын жеу 

Топтың іскерлік жетістіктері қызметкерлердің сапасына байланысты. Біз қызметінің барлық салаларында үздік күшімізді сақтап қалуға және тартуға ұмтыламыз. Қызметкерлерімізге қатысты адал қарым-қатынаста болуға, әлеуетін дамытуға, олар үшін оң жұмыс ортасын құруға құштармыз.

TTG қызметкерлерімен қатынастары Ұжымдық шартпен реттеледі. Ол қызметкерлерге әлеуметтік және еңбек құқықтарын, кепілдіктерді қамтамасыз етеді, олардың құқықтары мен міндеттері туралы, сондай-ақ Компанияда қабылданған әлеуметтік тәжірибе туралы айқын әрі дәл түсініктеме береді. TTG барлық қызметкерлері жыл сайын жұмыс берушімен Ұжымдық шарт жасайды.

2010 жылдан бері TTG операциялық компанияларының барлық қызметкерлері Топтың салалық кәсіподағына кіреді, олардың атынан жұмыс берушімен тиімді әрі конструктивтік сұхбат жүргізеді.

Топ қызметкерлеріне лайықты жалақы ұсынады, қосымша жеңілдіктер береді. Барлық қызметкерлер жұмыс уақыты кезінде Топ есебінен тегін тамақ ішеді. Топ барлық қызметкерлерін медициналық сақтандырумен, сондай-ақ арнайы киіммен, жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етеді.

Топ зейнеткерлікке шыққан қызметкерлеріне қосымша ынталандыру ақысымен қолдау көрсетеді. Қызметкерлердің балалары үшін жазғы лагерьлерде демалыс ұйымдастырады.